1 қыркүйектен бастап болашақ педагогтар мен докторанттардың стипендиясы көтеріледі

1 қыркүйектен бастап болашақ педагогтар мен докторанттардың стипендиясы көтеріледі

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап педагогикалық бағытта оқитын студенттер мен докторанттарға стипендия көлемі артады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тиісті құжат Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жария талқыға ұсынылды. Шәкіртақы сомасын көтеруге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 27 мамырдағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында берген тапсырмасы негіз болды.

«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттарында оқитын оқитын студенттерге – 42000 теңге», — делінген құжатта.
Одан бөлек, докторанттардың стипендиясы 150000 теңгеге жетеді. Қазіргі кезде оларға 102498 теңге сомасында беріліп келеді.
Ал, басқа мамандықтардағы студенттерге стипендия бұрынғыдай 26186 теңге көлемінде беріле береді.
Осы Қаулы 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях