086, 083 медициналық анықтамалар енді талап етілмеуі мүмкін  

086, 083 медициналық анықтамалар енді талап етілмеуі мүмкін   

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық анықтама саудасымен қалай күресіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Министр Елжан Біртанов келесі жылдан бастап медициналық анықтамалар тек электронды форматта ғана берілетінін айтты. Медициналық анықтамалар мемлекеттік емханаларда ғана емес, жекеменшік медицина мекемелерінде де сатылып жатыр. Бұл мәселе бойынша  Денсаулық сақтау министрлігі  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен біргіп жұмыс жасауда. Осыған сәйкес,  өзге де министрліктермен келісе отырып, 2019 жылдың соңына дейін медициналық анықтамалар тек қана электронды түрде берілетіндігі туралы  деген шешім қабылданды.

– Кей жағдайларда медициналық анықтама қажет емес деген шешім шығардық. Мысалы, медициналық университетке түсу үшін 086-анықтамасы талап етілмейтін болады. Көлік жүргізу құқығын алу үшін талап етілетін 083-анықтама да күшін жоюы мүмкін. Ішкі істер министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Олар ақпараттық жүйеге тікелей қосылу арқылы әр азаматтың денсаулық деңгейі туралы білетін болады. Сонда бұл анықтаманың да қажеті болмай қалады,  – деді Елжан Біртанов.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях