Жібек жолының халқы аудан басшысына базыналарын жеткізді

Жібек жолының халқы аудан басшысына базыналарын жеткізді

Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естеновтің халықпен тұрақты кездесулерінің бірі бүгін Жібек жолы ауылдық округінде өтті. Жергілікті тұрғындар аудан басшысына базынасын айтып, бірқатар мәселені көтерді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Халықтың басым көпшілігі көшелердің жөнделуін сұрады. Батыр Құралбаев осы жиында Сейфуллин көшесінің жағдайын айтып, ең болмағанда тегістеп беруін өтінді. Аудан әкімі Жасұлан Тоққожаұлы әзірге бұл көшені жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы болмағандықтан, жоспарда жоқ екендігін түсіндірді. Десе де, ауыл тұрғынының өтінішін ескеріп, округ әкімі мен осы салаға жауапты бөлімге тиісті тапсырма жүктеп, уақытша құм-тас төгіп, жолды тегістеуді тапсырды. Дәл сол сияқты Жібек жолы ауылындағы Баянжүрек көшесі де уақытша ретке келетіні айтылды.

Округ халқы үшін үш ауысымды мектептен бөлек, аурухана мәселесі де бар. Дегенмен емхананың салынуы қолға алынған. Нақты айтқанда, биыл Көлащы ауылында 300 келушіге арналған емхана салынатын болады. Қазіргі таңда оның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған мәселенің тағы бірі – теміржолдың маңындағы кептеліс. Айта-айта жалыққан халық аудан әкімінен осыны біржақты шешіп беруін сұрады. Өз кезегінде аудан басшысы айналмалы жол биыл салынып бітетінін айтып, кептелістен арылу үшін алдағы уақытта жол-патрульдік полициясы арнайы қадағалайтынын түсіндірді. Осыған қатысты аудандық Полиция басқармасына тапсырма жүктеді.

Сонымен қатар, бұл жиында саяжайдың статусы, электр энергиясы, жолдардың асфальтталуы, қоғамдық көлік сияқты басқа да мәселелер айтылды. Аудан әкімі бюджеттің бөліуіне қарай барлығы кезең-кезеңімен шешілетінін түсіндірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях