«Жетісу көктемі» жас әдебиетшілер форумы

0
2255

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының бір жыл толғандығына орай, бүгін өңірімізде алғаш рет жас әдебиетшілердің форумы басталды. Екі күнге созылатын «Жетісу көктемі» атты іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, қоғамдық санаға орнықтыру. Сонымен қатар, Жетісу жеріндегі жас ақын, жазушыларды бір арнаға тоғыстырып, әдеби орта қалыптастыру болатын.

Жастардың азаматтық және патриоттық әлеуетін дамытуды жоспарлаған бұл форум, ең алдымен, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Айдар Башбаевтың жетекшілігімен ауданымыздағы «Батыр бабалар» мемориалынан бастау алды. Онда қатысушылар сақ дәуірінен Алаш Орда үкіметінің құрылуына дейінгі тарихи жәдігерлермен танысып, тәуелсіздікке жетуге елеулі үлес қосқан атақты хандар мен билер және ерлігімен туған жердің даңқын асқақтатқан батырлар туралы ақпарат алды. Мұнан соң, әдебиетшілер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына бет бұрып, Елбасының өмір жолы мен қызметінен тағылымды сыр шертетін, балалық шағынан егемен елдің Көшбасшысына айналуына дейінгі жүріп өткен сара жолын айғақтайтын кітаптар мен экспонаттарды тамашалауға аттанды. Ол жерден кейін әдебиетшілердің сапары Қаскелең қаласындағы аудандық тарихи өлкетану мұражайында жалғасын тапты. Барлық қатысушыларды музей басшысы Серік Қалиев қарсы алып, ауданымыздың тыныс-тірлішілігін бейнелейтін көркем фильмді көрсетті. Қабырғасы сонау 1899 жылы қаланған музейдің қорындағы құнды жәдігерлермен, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметіне және үш мың жылдық тарихы бар Қарасай жеріне арналған залдар мен бөлімдерді аралатты. Естелікке суретке түскен соң барлығы әрі қарай Кербұлақ ауданындағы Ш.Уәлиханов мұражайына аттанды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь