Жастар қала тарихымен танысып қайтты

Жастар қала тарихымен танысып қайтты

Ертең, нақтырақ айтқанда, қазан айының 10-ы күні ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласының мерекесі. Осы күнге орай бүгін аудандық орталық кітапханада «Қаскелеңге саяхат» атты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Руханият ордасының қызметкерлері мен ауданымыздың жастар ресурстық орталығы бірлесе ұйымдастырған шарада қаланың тарихы баяндалатын көрме өтті. Осы күні көрмені тамашалауға келген жастарды кітапхана қызметкерлері Қаскелең қаласы мен Қарасай ауданының тарихы жазылған арнайы кітаптармен кеңінен таныстырды. Сондай-ақ, шараға жиналған жастардың өздерінің туып-өскен қалалары жайында қаншалықты жақсы білетіндігіні тексеру мақсатында кітапханашылар күннен күнге көркейіп келе жатқан қаламыздың тарихы жайлы дайындаған сұрақтарын да қойды.

Қаскелеңнің өмірімен мен тынысымен таныстыру бағытталған ұйымдастырылған рухани шара барысында жастар қала жайлы мәлімет алып, оның бүгінгі жай-күйімен кеңінен танысып қайтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях