Зейнетақы қорындағы қаражытты енді SMS арқылы тексеруге болады

Зейнетақы қорындағы қаражытты енді SMS арқылы тексеруге болады

Енді eGov порталындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы sms-хабарлама арқылы білуге болады деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылым Bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Ұлттық Банк басқармасының қаулысы күшіне енеді.

«Зейнетақы қоры салымшысының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру (инвеститциялық кірісті ескере отырып) мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталында, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасыз қолжетімді болады», – деп хабарлады БЖЗҚ қоры.

Қаңтар айының 25 бастап зейнетақы жинақтарыңның жай-күйі туралы төмендегі тәсілдермен білуге болады:

1) тікелей БЖЗҚ кеңсесіне жүгінген кезде;

2) пошта арқылы;

3) электрондық тәсілмен:

– БЖЗҚ-да ұсынған мекен-жайға электрондық пошта арқылы;

– электрондық цифрлық қолтаңба немесе логин мен парольді пайдалана отырып, БЖЗҚ порталындағы жеке кабинетке кіру арқылы;

– электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет.

Соңғы тәсілді пайдалану үшін бұрын тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет болатын. Енді 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап, кез-келген салымшы mgov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефон нөмеріне келетін бір реттік sms-парольді қолдана отырып, жеке зейнетақы шотынан көшірмелі сұралым жібергеннен кейін ала алады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях