Үздіктер марапатталды

0
2339

Ауданымызда осыдан он жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің тапсырмасы бойынша «Қарасай ауданының Білім беру» корпоративтік қоры құрылған болатын. Ондағы мақсат еліміздегі азаматтардың тең құқылы түрде сапалы білім алуына көмектесу, оқуда жоғары жетістіктерге жетіп жүрген шәкірттерді анықтау және қолдау, ұстаздарға кәсібилік пен біліктілікті арттыруға жәрдемдесу болып табылады.

Осылайша, ол бірнеше жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, сондай- ақ, Сулейман Демирел университеті және тағы басқа білім ордаларымен бірігіп Алматы облысы, Қарасай ауданының жалпы білім беру мектептері оқушылары мен мүғалімдер арасында пәндік олимпиадалар және конкурстар ұйымдастырады. Аталған шаралар бойынша, жыл сайын мамыр айында марапаттау рәсімі өтеді.

Бұл жоба биыл да өз жалғасын тапты. Ағымдағы жылдың 16 мамырында Қазақстан Руспубликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ғимаратында болған осындай салтанатты шараға ауданымыздан 50 мұғалім мен 31 оқушы қатысты. Олардың басым көпшілігі Алмалыбақ мектеп-гимназиясының, әл-Фараби атындағы гимназиясының, Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының және Алтын ауыл орта мектебінің шәкірттері мен ұстаздары.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь