Қызмет көрсету мен архитектуралық көріністі сақтау қажет

Қызмет көрсету мен архитектуралық көріністі сақтау қажет

Қарасай ауданындағы республикалық маңызы бар трасса бойындағы жанармай бекеттерінің, сауда нүктелерінің және дәмханалардың қызмет көрсетуі мен архитектуралық талапты сақтауы қазіргі кезде аудандық әкімдіктің тікелей бақылауында.

Осыған орай аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Оның мүшелері аудан басшысының орынбасары Нұржан Сатубеков төрағалығымен жоғарыда аталған жолаушыларға қызмет көрсететін нүктелерді түгелдей дерлік аралап шықты.

Ең алдымен, аудан басшысының орынбасары Қаскелең қаласының жанындағы Алматы–Бішкек трассаның бойындағы жанармай бекеттерінде болып, қызмет көрсетуі мен архитектуралық бет-бейнесін сақтауы жайлы сын айтып, ескерту қағаздарын таратты.

Дәл, осындай тексеруді Нұржан Алмабайұлы бастаған комиссия Алматы–Жандосов, Алматы–Астана трассаларының бойындағы жанармай бекеттерінде де жалғастырды.

Жалпы, аталған іс-шара барысында 13 нысан тексеріліп, барлығына да ескерту қағаздары берілді.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях