WhatsApp мессенджерінің құрастырушылары топтық бейне және аудио қоңырауларға қатыса алатын пайдаланушылар санын екі есеге арттырды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұрын төрт адам қатыса алса, енді сегіз адам топтық аудио немесе видеоқоңырау арқылы бір мезгілде сөйлесе алады. Бұл туралы «WABetaInfo» порталы хабарлады.
Айта кетсек, қазіргі уақытта мессенджердің iOS және Android операциялық жүйелеріндегі мәтіндік нұсқаларына қойылатын шектеулер көбейді. Бұған дейін WhatsApp хабарламалар таратуға шектеу енгізгенін жаздық.