Қ.Тоқаев: «Біз болашағымызды бірге жасаймыз!»

Қ.Тоқаев: «Біз болашағымызды бірге жасаймыз!»

Еліміз бойынша бүгіннен бастап Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына ұсыныстар мен тың идеялар жинау үшін «BIRGE» жалпыұлттық акциясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Қазақстандықтар 13 мамыр мен 7 маусым аралығында өтетін акция аясында еліміздегі қандай мәселелердің шешімі аса маңызды екендігін айта алады.

– Қазақстан экономикасы дамыған, қуатты мемлекетке айналуы үшін, адамдардың әл-ауқатын жақсарту үшін билік қарапайым халықтың пікірімен санасуы керек. Қазақстанның кез келген азаматы жалпыұлттық күн тәртібін жасауға қатыса алады. Сондықтан мен бүгін «Бірге» деп аталатын республикалық акцияның басталғандығын хабарлаймын, – дейді Қазақстан Республикасының Президентіне кандидат Қ.К.Тоқаев өзінің ресми сайтында.

«Бірге» – бұл мемлекетіміздің болашағы туралы сізбен біздің ортақ көзқарасымыз.

«Бірге» – бұл республикамыздың әрбір тұрғынына өз ойын жеткізуге жасалған мүмкіндік.

«Бірге» – бұл әрбір азаматтың пікіріне құлақ асу.

Дәл осылай мақсат еткен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірге» акциясының мән-маңызын түсіндіріп, былай дейді: «Ұсыныстарды біздің сайтымызға немесе еліміздің кез келген аймағындағы қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жолдауға және арнайы телефон желісі арқылы да жеткізуге болады. Біз барлық ұсыныстарды мұқият зерттейміз. Сайлауда жеңіске жетсем, сіздердің барлық пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз сіз бен біздің әрі қарайғы әрекет жоспарымыздың негізіне енетін болады. Біз болашағымызды бірге жасаймыз!»

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях