Аудандық ашық біріншілік

0
3312

Өткен аптаның сенбі мен жексенбі күндері Қаскелең қаласындағы «Достар» спорт кешенінде жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен Қарасай ауданының ашық біріншілігі өтті. Оны аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі ұйымдастырып, дүбірлі жарыста Жамбыл облысынан, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле аудандарынан және Алматы қаласынан 9 команда қатысып, 150 палуан өзара күш сынасты.

Қызықты да, тартысты сайысты Алматы қаласының жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен аға жаттықтырушысы Медет Есбулаев ашып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Жалпы, боз кілемде әдемі әдіс-тәсілімен көзге көрініп, шебер өнер көрсеткен жасөспірімдердің арасында Қарасай ауданының жас палуандарының мерейі үстем болды. Атап айтқанда, 26 келі салмақта Едіге Кемелбеков, 38 келіде Арнұр Бекболат, 35 келіде Нұрислам Әбдіхалық, 60 келіде Асылжан Ізбасар, 66 келіде Уалихан Нарбутаев, 66 келіден жоғары салмақта Фердоуси Кеңесов  озат спортшылардың қатарынан қалыс қалмай, алтын медальді еншіледі. Бұдан бөлек, жас спортшыларымыз 9 күміс және 19 қола медальді қоржындарына салды. Жеңімпаздардың барлығына Кубоктар мен Алғыс хаттар берілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь