ТЕКЕЛІДЕ ЖУРНАЛИСТЕР СЛЕТІ ӨТТІ

ТЕКЕЛІДЕ ЖУРНАЛИСТЕР СЛЕТІ ӨТТІ

28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, Текелі қаласында «Шұғыла» жас журналистер шығармашылық слеті өтті. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған шараға қаламды қару еткен ақпарат қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы taldykorgan-online.kz сайтына сілтеме жасап.

Шара барысында шаһар басшысы Бақтияр Әлтайұлы БАҚ өкілдерін қарсы алып, қонақтарға ілтипат көрсетіп, бірқатар қаланың көрікті жерлерін аралатты. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстарды да атап өтіп, журналистер қауымын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке апарып, Қора мен Шажа өзендерінің тоғысқан торабында алдағы уақытта ғашықтар көпірі салатынын да айтты.

Осылайша журналистер Текелінің көрікті жерлерін аралап, айтулы күнге орай, бір-біріне ақ тілектерін білдіріп жатты. Мерекелік шара барысында журналистер өзара монолог және өлең оқудан, ән айтудан, қойылым көрсетуден бәсекеге түсіп жатты. Алты топ өнер көрсеткен сайыста Талдықорған газеті 3-ші орынға ие болса, Алматы облыстық «Огни Алатау» газеті 2-ші орынды қанағат тұтты. Ал, қазылар алқасының шешімімен облыстық «Жетісу» телеарнасының журналистері жүлделі 1-ші орынды -қанжығаларына байлады. Осылайша әріптестер арасындағы сайыс өз мәресіне жетті. Қатысушылар тарапы осындай шараны ұйымдастырушы жандарға ізгі ілтипаттарын білідіріп, алғыстарын да жеткізді.

– Барлық әріптестерімді төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Айтарлары, жазарлары таусылмасын. Бізге осындай керемет табиғат аясында демалыс ұйымдастырып берген облыстық ішкі саясат басқармасына және Текелі қаласының әкімдігіне алғысымыз шексіз. Жастарды бір шабыттандырып тастады, – дейді «Жетісу» телеарнасының тілшісі Алмат Хамит.

Мерекелік дастархан басында сөз алған қала әкімі Б.Өнербаев та журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, ақ тілеген ақтарды. Қолына гитара алып, тілшілер қауымына ән шырқап берді.

Жалпы, салтанатты шара жиналған қауымға ерекше қуаныш сыйлады. Облыста алғаш ұйымдастырылған «Шұғыла» шығармашылық жас журналистер слеті келер жылы да жалғасын таппақ.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях