Шамалған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Молбаев өмірден өтті

Шамалған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Молбаев өмірден өтті

Қарасай ауданының Құрметті азаматы, Шамалған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Молбаев бүгін дүниеден өтті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы. 

Жаны жомарт, ақылшы ақсақал 83 жастан асқан шағында өмірден озды.

Молбаев Амангелді Жебегенұлы 1940 жылы 31 тамызда Талдықорған ауданына қарасты (қазіргі Ескелді) «Ленин» колхозында дүниеге келген. Қызметі бабы бойынша  партия  тапсырмасымен  1956 жылы  Шамалған ауылына  отбасымен қоныс аударған.

1961 жылы  Алматы су  шаруашылығы  техникумының  құрылысшы  факультетіне  түсіп, оны 1965 жылы  бітірген.

1965-1968 жылдары Нарынқол ауданының Қақпақ ауылында, Каскелең ауданы «1 май»  колхозында   прораб болып жұмыс атқарған.

1972-1995 жылдары  «Алматысельстрой» бірлестігінің 613  ПМК-сына  аға  прораб болып  істеген. 1995 жылы  еңбек  демалысына   шыққан.

Амангелді Жебегенұлы Шамалған  ауылдық округінде  20 жыл  ақсақалдар  кеңесінің орынбасары, соның ішінде  соңғы үш жылында  төраға  міндетін атқарған. 2019 жылдың шілде айынан бастап аталған қоғамдық ұйымның төрағасы болды.

Құдай қосқан қосағы Нұрзия Қарақойшықызы екеуі екі ұл, бір қыз тәрибелеп өсірді. 12 шөбересі бар.

2020 жылы 15 желтоқсанда Қарасай ауданының өркендеуіне сіңірілген еңбегі еленіп, «Қарасай ауданының Құрметті азаматы» атанды.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Жақындарына көңіл айтамыз.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях