«Әсер» балабақшасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтті

«Әсер» балабақшасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтті

Ұмтыл ауылдық округінде орналасқан «Әсер» балабақша жылда еліміздегі мерекелерді атап өту мақсатында әртүрлі іс-шаралар мен байқаулар ұйымдастырып тұрады. Міне, бүгін де аталмыш балабақша кішкентай бүлдіршіндер арасында конкурс өткізіп, олардың өнерлерін бағалады, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Биыл тарихы бай, тамыры терең қазақ халқы еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойын тойлатуда. Дербестігіміздің берік негізінің айғағы болып саналатын мейрамды Ұмтыл округіндегі «Әсер» балабақшасы да атап өтті.

Нақтырақ айтқанда бүгін аталмыш балабақша тәрбиеленушілер арасында байқау өткізді. Оның барысында «Родничок», «Балдырған», «Балдәурен», «Лучики» тобындағы 5-6 жасар балалар өлең оқып жарысты. Конкурс кезінде түрлі әдемі кейіптегі киімдер киген кішкентай бүлдіршіндер Ұлы Жеңіс күні, туған жер, Қазақстан елі, ана сияқты тақырыптардағы танымал ақындардың өлеңдерінен үзінділер оқыды. Ал, олардың өнерлерін бүгінгі шараға қазылар алқасының мүшелеріі ретінде қатысқан Ұмтыл ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Елтай Хасенов, аталмыш балабақшаның директоры Алмагүл Абдулқызы мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі бағалады.

Әр бүлдіршін өз өнерін жоғарғы деңгейде көрсетіп, көрермендердің көңілін көтерген байқау соныңда жеңімпаздарды округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Елтай Хасенов мен балабақша директоры Алмагүл Абдулқызы балалардың өнерлеріне тәнті екенін айта отырып, түрлі сыйлықтармен марапаттады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях