СДУ студенті республикалық байқауда үздік атанды

СДУ студенті республикалық байқауда үздік атанды

СДУ-дің 2 курс студенті «Жылдың үздік студенті – 2022» байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын жастар арасында насихаттау мақсатында жақында Астана қаласында «Жаңа Қазақстанның дарынды жастары» атты республикалық форум өткен болатын.

Елордада ұйымдастырылған шара барысында еліміздің барлық өңірінен белсенді деп танылған 100 студент марапатталды. Бұл үздіктердің қатарынан Сулейман Демирель атындағы университетінің 2-курс студенті Айдана Тегисова да табылды. «Журналистика» мамандығында оқитын білімгер І дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Байқауды ұйымдастырған «Bilim-orkenieti» ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының мәлімдеуінше, студенттердің қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысуы, оқу-білімдегі жетістігі, тәуелсіз Қазақстанды дамытуға қатысты тың идеялары бағаланған.

Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің департамент басшылары, «Amanat» партиясының өкілдері, ғалымдар қатысты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях