СДУ – «Экспо-2020» халықаралық студент алмасу бағдарламасының эксклюзивті серіктесі

СДУ – «Экспо-2020» халықаралық студент алмасу бағдарламасының эксклюзивті серіктесі

Сулейман Демирел университетінің президенті Мейірбек Мажитов бастаған СДУ делегациясы іс-сапармен Дубайға барып қайтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында «ЭКСПО-2020 Дубай» дүниежүзілік көрмесінің әкімшілігімен кездесу өткізіп, нәтижесінде қос тарап халықаралық студенттермен алмасу бағдарламасы аясында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

– Ресми келісімге сәйкес СДУ «ЭКСПО-2020 Дубай» көрмесіне оқыту турларын ұйымдастыру бойынша алғашқы халықаралық серіктес университет мәртебесіне ие болды. Халықаралық студенттермен алмасу бағдарламасы жеті оқыту турын құрайды, оның ішінде студенттер маңызды пәндер бойынша әлемнің жетекші университеттерінің үздік тәжірибесінен толық ақпарат алады. Жалпы, ұймдастырушылардың мақсаты көрме барысында әлемнің түкпір-түкпірінен студенттерді тарту. Сонымен қатар, қысқа мерзімді оқыту аясында студенттер тәжірибе алмасып, қолданбалы-ғылыми сипаттағы жобаларды зерттеп, индустрияның жетекші сарапшыларынан қарқынды тренингтерден өтуге мүмкіндік алады. Мұндай әдіс шетелдік білімгерлердің Дубай қаласында мансап құруға қызығушылығын арттырады, — деп түйіндеді СДУ президенті М.Мажитов.

«ЭКСПО-2020 Дубай» бүкіләлемдік көрмесі  –  «ақыл-ойды біріктіре отырып, болашақты құрамыз» ұранымен өтетін ауқымды іс-шараға негізделген. Шараның басты мақсаты – миллиондаған адамдарға адамзаттың соңғы жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету. Көрмеге келушілердің саны 25 миллионға жуық адамды құрайды, олардың 70 пайызы шетелдіктер болады деп күтілуде, бұл дүниежүзілік көрмелердің 168 жылдық тарихында рекордтық көрсеткіш болып табылады.

Көрме үш тақырыптық бағытта өтеді: «Мүмкіндіктер», «Ұтқырлық» және «Тұрақтылық». Келушілер жаңа технологиялар мен тұжырымдамалар жайлы маңызды ақпараттар алады. Ауқымды шараға 200-ден астам қатысушы қатысады деп жоспарлануда. Олардың қатарында 192 ұлт, түрлі ұйымдар, компаниялар мен білім беру мекемелері бар.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях