Таяуда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, Талдықорған қаласында «Адал жол — Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны бастау алған болатын . Ондағы басты мақсат – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, оған қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және парақорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Аталған шара сәуір-желтоқсан аралығында эстафета принципі бойынша облыстың барлық аймақтарында өтеді. Ал, марафонға қатысушы аудан, қалаларда түрлі шаралар, атап айтқанда, байқаулар, семинарлар, пікірсайыстар, жайдарман ойындары, флешмобтар, автошерулер өткізеді.
Осыған орай, марафон аясында, 4 мамыр күні ауданымызда
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы, сондай-ақ, Астана қаласының 20 жылдығымен байланыстырылған велошеру өтті. Аталмыш шараға 50-ден астам жергілікті атқарушы органдардың мамандары қатысып, белсенділіктерін көрсетті.
Жамбыл мен біздің ауданның шекарасында қолға тиген марафон байрағын Қарасайлық велошабандоздар, өз кезегінде Қапшағай қаласы өкілдеріне салтанатты түрде табыс етті.