Аудан жастары арасында волейболдан спартакиада өтті. Өскелең ұрпақты достық пен патриоттыққа тәрбиелеуді мақсат еткен бұл бәсеке аудан округтерінен жиналған 5 команданың басын қосып, Қаскелең қаласындағы Белинский орта мектебінде болды. Ал, оны аудандық «Ағартушы» кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сара Байбосынова ұйымдастырып, жарыс алдында спортшыларға «Қалбибі» өнер студиясының өнерпаздары мен «Eagles» черлидинг клубының қатысушылар өздерінің тамаша көрсетілімдерін тарту етті.
Сонымен, дәлдік пен жылдамдықты талап еткен жарысты волейболшылар керемет ойын көрсетті. Жалпы, физикалық күш те анық байқалатын бұл спортта спортшылар ұзындығы екі метрлі тордан секіріп, бір-бірінің аймағына дөп салған түрлі ұтымды голдарды салды. Олар бұл ойынымен жарысқа дайындалып, жаттығып келгенін дәлелдеді. Сайыс қорытындысында ұйымшылдығымен көзге түсіп, көп ұпай жинап Райымбек ауылдық округі волейболшылары жеңімпаз болып танылды. Оларға жол беріп, 2-орынды ұмтылдықтар алса, 3-орын озат командалардың қатарында болған қаскелеңдіктерге бұйырды. Осы жеңімпаздардың барлығына Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.