Саясаттанушы еркін пікір алмасты

Саясаттанушы еркін пікір алмасты

Саясаттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Айдос Сарыммен рухани кездесу болды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

«Алакөл әйелдер қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс аясында түрлі сала бойынша жобаларды жүзеге асырып келеді. Осы уақытқа дейін жеті ауқымды шараларды ұйымдастырып келген қоғамдық бірлестік бүгін саяси бағытта ауданымызда саясаттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Айдос Сарыммен көшпелі лекторий ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты –тұрғындар арасында мақсатты топтар үшін ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Қазақсан халқына арнаған Жолдауының негізгі басымдықтарын, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарлы мақаласын, «Цифрлы Қазақстан» және басқа да мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларды түсіндіру болды. Белгілі қоғам белсендісімен кездесу үшін мемлекеттік және мекеме қызметкерлері, белсенді жастар, БАҚ өкілдері келді. Талқыға салынған тақырып –«Рухани жаңғыру аспектілерінің маңыздылығы» туралы болғандықтан Айдос Сарым спикер ретінде орнықты ой өрбітіп, көптің сұрағына жауап берді. Көшпелі лекторийдіаудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Амина Абдраманова жүргізіп отырды.

Айдос Әміроллаұлы ашық әңгіме болсын деген ниетпен көпшілікпен сұрақ-жауап арқылы ойын ортаға салып отырды. Өз сөзінде еліміздің болашағы жайында айтып, биліктің атқарып жатқан жұмыстарына саясаттанушы ретінде бағасын да бере кетті. Ал, пікір алмасуға келген көптің сұрағына ойын анық жеткізіп, біраз әлеуметтік мәселелерге қатысты атқарып жатқан жұмысын да баяндады. Оның ішінде Алматы қаласында «Бақытты отбасы» деп аталатын орталықта талай көпбалалы отбасылармен тілдесіп, орталықпен бірге барынша қолұшын көрсетіп жатқанын айтты. Сондай-ақ, ұлтжанды, қоғам белсендісі Айдос Сарым латын қарпіне ауысуға қатысты пікірін білдірді.

– Ерте ме, кеш пе бұл жүйеге көшуімізге тура келуші еді. Латын әліпбиіне ауысу арқылы біз әлем алдында ұлттық статусымызды тағы бір айқындап көрсете аламыз. Сондықтан мемлекет ретінде біздің алға қарай даму жолында жылжуымыз үшін бұл –нық қадамдардың бірі деп білемін,– дейді саясаттанушы.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях