Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні аудан әкімінің орынбасары А.Назарбаеваның төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерінің көшпелі отырысы болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Бұл жиын аудан аумағында орналасқан сәтсіз отбасылардың тұрмыстық жағдайын тексеру мақсатында ұйымдастырылды. Бас қосу барысында аталған отбасылардағы кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау үшін ата-аналық міндеттерін орындамауына байланысты әкімшілік Кодекстің 127-бабы бойынша жазаға тартылу жөнінде және профилактикалық жұмыстар жүргізу бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.