Қарасайлық желтоқсаншыларға құрмет көрсетілді

Қарасайлық желтоқсаншыларға құрмет көрсетілді

Сан ғасырлық тәуелсіздік арманының жүзеге асуының алғашқы қадамы ретінде тарих беттерінде орын алған желтоқсан оқиғасын еске алу мақсатында ауданымызда көптеген іс-шаралар атқарылды. Бүгін орталық Мәдениет үйінде өткен «Ұлттың ұлы тұмары – Тәуелсіздік» атты еске алу кеші сол атқарылған шаралардың соңы болды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.  

Еске алу кеші басталмас бұрын аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Күлжан Дүйсенова алдымен ауданның және аудан әкімінің атынан батырлық пен елжандылықтың шынайы үлгісін көрсеткен ауданымыздың желтоқсаншыларына сый-сияпаттар табыс етті. Сонау ызғарлы қыста егемендікке ұмтылып, толқыған қазақ жастарының тарихымыздан алар орны ерекше екенін тілге тиек етіп, ризашылығын білдірді.

Мұнан кейін желтоқсаншылар үлкен залға кіріп, аудан өнерпаздары арнайы дайындаған концерттік іс-шараны тамашалап, желтоқсан оқиғасында болған кездерді еске алып, сол күнге байланысты өздерінің ойларын ортаға салды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях