Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылы 31 наурызда бекітілген «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасын бекіту туралы» № 162 қаулысының күші жойылғанына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілді. Бағдарлама үш бағытқа бөлінеді.
Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету Бағдарламаның бірінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;
2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.
Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту
Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
2) кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;
3) қалалар мен ауылдарда микрокредиттерге кепілдік беру.
Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту
Бағдарламаның үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;
3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.
Барлық сұрақтар бойынша Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады.
Мекен-жайы: Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 263 «а», «Верона» бизнес-орталығы, 2-ші қабат. Телефоны: 8 (727) 360-11-95.