Мәжіліс депутаты Елбасы Жолдауын түсіндірді  

Мәжіліс депутаты Елбасы Жолдауын түсіндірді  

Елбасымыздың осы жолғы ұсынған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы бүгінгі таңда еліміздің барлық аймақтарында жан-жақты талданып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осындай мақсатпен бүгін ауданымызға ҚР Мәжіліс депутаты Шакир Хахазов арнайы келді. Халық қалаулысы алдымен «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ мекемесінде отырыс өткізді. Бұл басқосуға аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева мен аталмыш мекеменің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Мәжілісмен Шакир Хусаинұлы Мемлекет басшысының қазақ халқына арнаған Жолдауын жан-жақты зерделеп, тыңдаушыларға басым бағыттарын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, сөз арасында қызмектерлермен пікір алмасып, маңызды сұрақтарға жауап беріп отырды.

Депутат Шакир Хахазовтың жұмыс сапары ауданымыздағы жалпы білім беретін «Немере» мектебін аралаумен жалғасты. Аталмыш білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, бүлдіршіндердің концерттік бағдарламасына куә болды. Содан кейін жоспар бойынша мәжіліс залда аудан басшысының орынбасары Айжан Нұрділдақызы мен мектеп ұжымының қатысуымен жиналыс болды. Мәжіліс депутаты жоғарыда айтып кеткен Елбасы Жолдауының маңызды жоспарлы жұмыстарына кеңінен тоқталды. Оның ішінде келер жыл «Педагог мәртебесі туралы» заңның әзірленетіні туралы өз ойын ортаға салды. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлерінің сауалдарына жауап беріп, емен-жарқын ашық әңгімелесті.

[su_custom_gallery source=»media: 6331,6330,6329,6328,6327,6326,6325,6324″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях