Республикамыздың барша ұстаздары өз төл мерекесін қуана қарсы алып жатқанда мұғалімдердің әлеуетін, әлеуметтік жағдайын қарастырған Елбасының бүгінгі Жолдауы мұғалім мәртебесін тағы бір көтеріп тастады. Онда «Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысын көбейтіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. Одан бөлек республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлуді қарастырғаны айтылып, орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген. Қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударғаны жөн деп атап көрсетілді. Ал, Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандартты болуы, білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандартқа негізделуі тиіс екені айтылды. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды, бұл «оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді», деген пікірлері барша ұстаздардың қолдауына ие болды. Ал, «Педагог мәртебесі» туралы Заң мұғалімдердің қоғамдағы биік орнын айқындап берері сөзсіз. Осы орайда, жаңашылдығы мол Елбасының Жолдауы әріптестерім үшін де маңызы мол.
Венера Кдырбаева,
Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.