Коронавирусқа қарсы вакцина сынамадан өткізіле бастады  

Коронавирусқа қарсы вакцина сынамадан өткізіле бастады   

Мамандар коронавирусқа қарсы вакцинаны сынамадан өткізе бастады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы   «Qazaqstan.tv» телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

– Вакцинаның алғашқы сынамасы вирустың генетикалық жүйелілігі пайда болғаннан 60 күннен кейін ғана басталды. Бұл  – үлкен жетістік, – деді ол.

Вирусқа қарсы вакцина толық дайын болғанға дейін ДДСҰ мамандары адамдарды карантинде ұстауды, әсіресе, дертке шалдыққандарды анықтап, олармен байланыс орнатқан адамдарды бірден оқшаулауға кеңес береді.

Бұған дейін бірнеше мемлекеттің вакцина әзірлеумен айналысып жатқаны хабарланған еді. АҚШ-та алғаш рет коронавирусқа қарсы вакцина адамға салынды. Жаңа препарат клиникалық сынақтың үш сатысынан өтуі тиіс. Егер қазіргі тест сәтті аяқталса, онда жаппай пайдалануға вакцина 12-18 ай ішінде беріледі.

Қытай ғалымдары «Фавипиравир» препаратын жаңа коронавирусты емдеуде тиімді екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, препаратты қабылдаған науқастар тезірек емделіп, олардың өкпесі қалпына келген. Тұмауды емдеуге арналған дәріні жапондық корпорациясы әзірлеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях