«Нұрлы Ертіс» бағдарламасы арқылы 35 көп балалы отбасы Екібастұзға қоныс аударды

«Нұрлы Ертіс» бағдарламасы арқылы 35 көп балалы отбасы Екібастұзға қоныс аударды

Бүгін Екібастұз қаласына «Нұрлы Ертіс» бағдарламасы бойынша елордадан 35 отбасы қоныс аударылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желелік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.  

Көшірілген 35 жанұяның 24-і көп балалы. Жалпы жиыны 208 болатын адамдарды бірнеше автобус арқылы жеткізілді. «Нұрлы Ертіс» бағдарламасы бойынша 1 мамырдан бүгінгі күнге дейін Нұр – Сұлтаннан Екібастұз қаласына 102 отбасы көшіп барды. 600 адам қазір қоныстарына жайғасып, ересектерінің жартысынан астамы жұмыс тауып үлгерді. Бағдарламаға ілігу үшін ол жақта тапшы мамандық бойынша жұмыс істеуге келісуі керек болады. Басты шарт осы. Ал бала саны 4-ке жетпейтін отбасыларға екі бөлмелі пәтер беріліп, көп балалы отбасыларға 3 бөлмелі баспана ұсынылып отыр. Аталмыш бағдарламаға қатысушылар «Тұрғынүйқұрылысжинақбанк» салған үйлерге жайғастырылып жатыр.

– Басында бұл үйлер басқа бағдарлама бойынша салынған болатын. Бірақ оны банктің шарты бойынша алуға ниеттілер табылмады. Сондықтан «Нұрлы Ертіс» бағдарламасына бағыттағанбыз, – деді әкімдік өкілі.

Сондай-ақ, басқарма басшысы аталмыш отбасыларға Екібастұзда қандай жағдай жасалатынын да айтты.

– Қоныс аударушылар үшін көтерме өтем ретінде адам басына 88500 теңге төленеді. Бір жыл бойы коммуналдық төлемдер мен жалдама ақысын мемлекет төлеп береді. Бір жыл өткеннен кейін ғана өздері төлей бастайды. Жалдама құны пәтердің ауданына байланысты. Егер пәтер 99 шаршы метр болса, айына 14 мың теңге шығады деген сөз. Екі бөлмелі үйге 10 мың теңгедей болады. Оған 15 мың теңге коммуналдық төлемдерді қосыңыз. Аренда үшін төлеген сома үйді сатып алу сомасына түсе береді. Яғни бес жылдан кейін ол үйді жекеменшікке рәсімдеу мүмкіндігі бар деген сөз, – дейді Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Нұрмағамбетов.

Мұнан бөлек, бағдарлама аясында қоныс аударған адамдарға баспана беріліп, олардың балалары мектеппен, балабақшамен, тегін тамақ және мектеп формасымен қамтамасыз етіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях