Ескелді аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аймақ бойынша мектеп қызметкерлерін тегін медициналық тексеруден өткізу басталды, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.
Білім ошағындағы қызметкерлерге «Aldimed» медициналық орталығы қызмет көрсетеді. Медициналық автокешен бекітілген кесте бойынша аудандағы әр мектептің алдында жұмыс істейді. Ұстаздар техникалық мүмкіндіктері зор құрылғылармен жабдықталған жылжымалы автокешеннің өз жерлеріне келіп, жергілікті жерден көмек алғандарына ризашылықтарын білдіруде.