Әлеуметтік желіде Алматы қаласында бір ер жігіттің жедел жәрдем көлігінің алдынан шығып, басын соғып, құлаған сәті түсіп қалған видео жарияланды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 26 қараша күні күндіз болған. Ер адамның әрекеті видеотіркеу камерасына түсіп қалған. Бейнежазбадан жедел жәрдем көлігі Қазыбек би көшесімен келе жатып, жылдамдығын арттыра бастағанын көруге болады. Алайда жүргізуші Амангелді көшесімен қиылысқа жақындағанда жылдамдықты баяулатады, себебі жолға ер адам атып шығады. Көліктің тоқтағанын көрген ол көліктің алдына шығып, басын соғады және құлайды.
Жазбаның астында «жедел жәрдем көлігінің астына секірді» деп жазылған.
Оқиғаның немен аяқталғаны және ер адамның жарақат алған-алмағаны туралы мәлімет әлі жоқ.