Қазіргі таңда Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы мемлекетіміздің барлық өңірлерінде насихатталып, талқыға түсуде. Ал, осы мақсатта ауданымызға бүгін ҚР Мәжіліс депутаты Шаймерден Нурумов келіп, «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мекемесінде жиын өткізді.
Жиынға, аталмыш кеңсенің бас директоры Дамир Малгелдиев, аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Жапаров және ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері қатысты. Басқосуда Шаймерден Усайынұлы Елбасы Жолдауында айтылған маңызды мәселелерді ортаға салып, әңгімеледі. Әсіресе, халық қалаулысы халық табысының өсуіне, тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған тақырыптарды көтерді. Сонымен қатар, ұлттық табиғи парк жайлы да сөз қозғап, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.