Базардағы бақылаусыз балалар

Базардағы бақылаусыз балалар

Кәмелеттік жасқа толмаған балалар жұмысқа орналасар алдында еңбек келісімшартын жасап, ата-анасының жазбаша рұқсатын алуға тиіс. Ал жұмыс беруші тараптың өкілдері бұғанасы бекімеген жасөспірімді жұмысқа алмас бұрын облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының келісімін алуы керек. Осыған байланысты бүгін аудан бойынша жаз мезгілінде балалардың еңбегін заңсыз пайдаланып жүрген орындарға рейд жүргізілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

[su_custom_gallery source=»media: 11579,11580,11581″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Тексеру тобының құрамында аудандық ЖҚПБ ювеналдық полицияның аға инспекторы, полиция майоры Ернұр Ембердиев, аудандық білім бөлімінің заңгері Айдар Сергазин, Пушкин және Әлімқұлов мектебі директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары Алмас Оспанов пен Индира Патталова болды. Алдымен арнаулы құрылған топ «Жер-Ана» орталық базарындағы сауда нүктелерін тексеруден бастады. Базар ішін барлай келе киім сатылатын бөлігіндегі жалғыз өзі сауда жасап тұрған бала бірден басты назарға алынды. Анықтай келе ата-анасының жарты сағатқа ауруханаға кеткені мәлім болды. Ал, келесі құрылыс нүктесінде тұрған мектеп оқушысы ағасына көмектесіп тұрғанын айтып жалтарғанымен, екеуінің екі жерде бөлек сататындары анықталды. Барлығына ауызша ескерту жасалып, жеке және туу туралы куәліктерін тексеріп, балалар босатылды. Сондай-ақ, екінші рет осы жағдай қайталанса, айыппұл салынатынын да ескертті.

Әрі қарай рейд Қаскелең өзенінде шомылып жүрген балаларды бар жоғын анықтаумен  жалғасты. Тиісті талаптарға сай келмейтін, ағынды суға саналатын Қаскелең өзеніне түсуге үлкендерге де тыйым салынған. Тексеру барысында күн қорғанамыз деген сылтаумен шомылып жүрген Камбар және Рахманхожа атты мектеп оқушыларның  ата-аналарына  Ернұр Ерланұлы ескерту хаттамасын толтырды. Шара соңында тексеру тобы алдағы уақытта кешкі мезгілде ата-анасының қарауынсыз жалғыз жүрген және компьютерлік ойын клубтарындағы кәмелетке жасы толмаған балаларға рейд ұйымдастыруды жоспарлады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях