Балалар кастингке қатысты

Балалар кастингке қатысты

Балалардың сүйіп тамашалайтын «Балапан» телеарнасы жаңа жобаны қолға алды. Фантастикалық жанрда түсірілетін «Қалқан құлақ» телехикаясы, ең алдымен, жас бүлдіршіндерге тәртіп пен тәрбиені кеңінен насихаттап, бірден баурап алмақ. Қазіргі кезде осы жаңа туындыға басты рөлді сомдайтын және көпшілік көрініске қажетті кішкентай «актерлер» де іздестірілуде. Осыған орай, жақында Қаскелең қаласында кастинг өткізілді. Оны «Балапан» телеарнасы, «Сақ» киностудиясы және «Жұлдызай жұздыздары» балалар театры  ұйымдастырып, онда 9-13 жас аралығындағы жасөспірімдер бақ сынап көрді. Өнерлі балалар еліміздің әр өңірінен, атап айтқанда, Астана, Талдықорған, Ақтөбе, Семей, Шымкент, Тараз және Шу қалаларынан келді. Үлкен шығармашылық ұжым кішкентай балалардың өнерін тамашалап, ең үздік орындаушыны анықтауға тырысты. Ал, бұл бәсекеге 150-ден астам өнерпаз жиналыпты.

Жалпы кастинг екі кезеңнен тұрып, бірінші кезеңде балалар камерадан жасқанбайтынын дәлелдеп, екіншісінде берілген тапсырма бойынша  телехикаядан үзінді ойнады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях