Қазақстан Республикасының күзет қызметіне жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Республикасының күзет қызметіне жаңа басшы тағайындалды

Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы Әнуар Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты оның орнына Қалмұханбет Қасымов тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Мұның алдында ол Президент көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарған болатын.

Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы Алматы облысы Іле ауданы Дмитриев ауылында дүниеге келген. Білімі жоғарғы, 1979 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде «заңгер» мамандығын тәмадаған. Полиция генерал-полковнигі.

1979 жылы тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің басшысы, Алма-Ата облысы ішкі істер басқармасының Іле аудандық ІІБ басшысының орынбасары, 1988 жылы Алма-Ата облысы ІІБ қоғамдық тәртіп күзеті бөлімінің басшысы, 1989 жылдан Алма-Ата облыстық ІІБ Қапшағай Ішкі істер бөлімінің басшысы болған. 1992 жылдан Криминалдық милиция басқармасының басшысы, Алма-Ата облыстық ІІБ басшысының орынбасары, 1997 жылы наурыз-шілде ІІМ криминалдық полиция департаментінің басшысы ретінде жұмыс істеген. 1997-2003 жылдары Алматы қалалық Ішкі істер басқармасының басшысы, 2003-2005 жылдары Ішкі істер басқармасының, Алматы облысы Ішкі істер департаментің басшысы, 2005-2009 жылдары бірінші вице-министр, ҚР Ішкі істер вице-министрі қызметін атқарған. 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің басшысы, 2011 жылы сәуірде Министр қызметінде болған. 2011 жылы 14 желтоқсанда оған полиция генерал-лейтенанты, ал, 2015 жылы мамырда полиция генерал-полковнигі шені берілді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях