Қазақстан маусым айынан бастап отандық жанармай Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін мемлекеттерге тасымалданады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жиында министрдің бүгінде Қазақстанда бензин артығымен өндіріліп жатқандықтан отандық мұнай өнімдерін экспортқа шығаруға шешім қабылданғанын және осыған байланысты жұмыстарды келесі аптадан бастап қолға алу жоспарланып отырғанын айтты. Сондай-ақ, министр Орталық Азияда отандық бензинді тасымалдау бағыттарын да айттып өтті.
– Жанармай тасымалданатын мемлекеттер Өзбекстан мен Тәжікстан. Одан ары қарай Ауғанстанға жеткізіледі деген жоспар бар. Бүгінде ай сайын шетелге шығарылатын бензиннің көлемі де белгілі. Мәселен, АИ-92 маркалы бензин 60-70 мың тонна, ал АИ-95 жанармайының көлемі бастапқыда 10-15 мың тонна шамасында болады. Жалпы, қазір Қазақстанда өндірілетін мұнай өнімдерінің 20 проценті экспортқа шығарылса, қалған 80 проценті ішкі нарықта қалада, – дейді Қанат Бозымбаев.
Мұнан бөлек министрдің айтуынша Қазақстандық жанармай Қырғызстан мен Беларусь мемлекеттерінеде тасымалдануы мүмкін. Қазіргі таңда осы елдермен келіссөз жүргізіліп жатыр.