15 ақпан – Кеңес Одағы әскерлері Ауғанстан жерінен шыққан күн. Осыған орай, ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласында Ауғанстандағы соғысқа қатысқан жауынгерлерге арналған жиын ұйымдастырылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Социалистік пен капиталистік жүйенің басқыншылық саясатының кесірінен, Ауған жерінде соғыс өрті бұрқ ете түскені белгілі. Ауған соғысына Қазақстаннан 22 мың жауынгер қатысса, олардың қатарында 373 жерлесіміз бар еді. Қанды шайқаста 14 жауынгер шейіт болып, ал, 20-сы елге оралған соң көз жұмғанын айта кеткен жөн. Сол бір қанқұйлы соғыстың кесірінен, қаншама отбасы қайғы шекті. Аман келгендердің көбісі денсаулықтарынан айырылып, еңбекпен қамтылуда, көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Бүгінгі күні ортамызда жүрген Ауған соғысы ардагерлері, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеу жолында бар күш-жігерлерін жұмсап, аянбай еңбек етіп жүр. Сұрапыл соғысқа қатысқан жауынгерлердің ерлігі қашанда елге мұра, ұрпаққа ұран болары сөзсіз.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать