«Қарасай жастары» театрының қос марапаты          

«Қарасай жастары» театрының қос марапаты            

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығыга орай   Талдықорғанда халықтық атағы бар және жаңадан құрылған театрлардың облыстық фестивалі өтті. Байқауда «Қарасай жастар» театры бас жүлде иеленіп,  театр актері Айдар Асарбай «Үздік жыл актеры» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Жалпы, бұл облыстық өнер додасында барлығы 25 театр қатысқан. Олардың ішінде алты халық театры, үш қуыршақ театры және 10 аудан өнерпаздарынан құралған театрлар өз өнерлерін ортаға салады. Фестивальға қатысушы өнер ұжымындағы актерлердің шеберліктері, олардың киімдері, қойылымның мән-маңыздылығы барлығы сарапқа салынып, қазылардың сүзгісінен өтті.  «Қарасай жастары» театры байқауда Бақыт Беделханұлының «Рух жыры» поэмасының желісі бойынша, «Жүректің көзі ашылса…» атты поэтикалық драмасын сахналаған. Қойылымда поэма бастан-аяқ пайдаланылмағанымен зерек көрерменге керек жерін кесіп алып, сыбаға ретінде ұсына білген. Өнер ұжымының құрылғанына көп болмағанын  ескерсек, аз уақыт ішінде үлкен жұмыс атқарылғанына көз жеткізуге болады.  Жалпы, театр 2018 жылы ақпан айында Қарасай аудандық мәдениет үйінің жанынан «Қарасай жастары» театры болып құрылып, өз жұмыстарын бастаған болатын. Бүгінде міне зор жетістіктерге жетіп отыр. Аудан тұрғындарын өз қойылымдарымен қуантып қоймай, облыс көлемінде үздіктердің қатарынан көрінді.

Өнер әлеміне енді тәй-тәй басқан әртістерге біз де шығармашылық шабыт, абыройлы орта қалыптастыруына тілектеспіз.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях