Қарағанды облысында 6 жасар қызды иттер талап тастады  

Қарағанды облысында 6 жасар қызды иттер талап тастады   

15 қараша күні сағат 17.00 шамасында Сәтбаев қаласының полиция бөліміне жедел жәрдем дәрігерлерінен қаланың саяжай қауымдастығының бірінде жануарлардың тісінің ізі бар 6 жасар қыз баланың өлімін тіркегені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы zakon.kz  сайтына сілтеме жасап.

Тергеу-жедел тобы бірден оқиға орнына жетті.Тәртіп сақшылары жәбірленуші қыздың ата-анасымен саяжай қауымдастығына қарасты үйлердің бірінде тұрғанын анықтады. Ересектердің қарауынсыз болған қыз иттердің қоршауында қалған.

— Қайғылы факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар тексеріліп жатыр. Полиция ата-ананы жауапкершілікке тарту мәселесін шешуде. Иттерді аулау бойынша тиісті ветеринариялық қызметтерге бұйрық жіберілді, – деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях