Әлеуметтік желіде Ақтаудағы жағажайлардың бірінде болған жаппай төбелестің видеосы тарады, – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
Оқиға «Достар» жағажайында 22 маусымда болған. Бейнежазбадан күндізгі уақыт екенін және ер адамдарды ажыратуға тырысқан адамдар тобын көре аламыз. Бүгінде үш жігіт Ақтау полициясына жеткізілді.
– Екеуі кәмелеттік жасқа толмағандар. Олар Ақтау ювеналді полициясына табысталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» және 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деді Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.
Құқық қорғау органы қызметкерлері төбелестің өзге қатысушыларын анықтап жатыр.