Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Жағымды жаңалықпен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында бөлісті .
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!», — деп жазба қалдырды Мемлекет басшысы.