Өрт қауіпсіздігі бойынша рейд жүргізілді

Өрт қауіпсіздігі бойынша рейд жүргізілді

«Өртті сөндіргеннен гөрі, алдын алу жөн» дегендей, бүгін аудандық төтенше жағдайлар бөлімі көктем мен жаз айларында қаупі артатын өрттің алдын алу мақсатында рейд ұйымдастырып, қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

 

Күн жылып, көктем шыққалы ауданымыздың тұрғындары тазалық жұмыстарына кірісті. Бірақ, шөп пен қоқысты өртеймін деп, бұл іске салғырт қарағандықтан өрт шығып, айналаға жайылған оқиғалар легі тіркеліп жатыр. Жуырда округтердің бірінде қоқыстын көзін құртамын деген адамның қатесінен қасында орналасқан көрші үйдің өртеніп кеткен жағдай соған дәлел. Осы ретте көктем және жаз айларында орман және дала өртінің көбейетіндігіне орай бүгін аудандық төтенше жағдайлар бөлімі Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне апаратын жолдың бойында орналасқан Қаскелеңдік бақылау бекетінің аймағында рейд жүргізді.

Аталмыш бөлімнің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Руслан Абдыкапаров бастаған топ алдымен бақылау бекетінде тұрған қызметкерлерге өрт қауіпсіздігін болдырмау жайлы кеңінен айтып, ондай жағдайда дер кезінде қандай шаралар жасау керектігін түсіндірді. Мұнан кейін олар осы пункт арқылы өтіп жатқан жолаушыларға өрттің салдары мен оның алдын алу жолдары көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратып, сақтық ережелері жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях