Коронавирус Қытайдың барлық аймағына таралды

Коронавирус Қытайдың барлық аймағына таралды

Коронавирус жұқпалы ауру – Қытай елінің  бүкіл аумағына өршіді, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы Хабар24 сайтына сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, аспан асты елінде аталған вирусты  9692 азамат жұқтырып, оның  170-і  көз жұмған.

Осы уақытқа дейін вирус әлемнің 15 елінің азаматтарынан анықталғаны белгілі. Бірақ, Қытайдан өзге мемлекеттерде  жұқпалы аурудан әзірге ешкім қайтыс  болған жоқ. Сарапшылар аталған індеттің адамнан адамға жұғуы мен вирустың өзгеріске ұшырау ықтималдығы алаңдатып отырғанын айтады.

Біз вирустың өзгеріске ұшырауына жол бермеуіміз керек. Егер мұндай жағдай бола қалса, онда көп мәселе туындайды. Сондықтан мұны назардан шығармауымыз керек деп ойлаймын, – дейді  Қытай вирусологтар және микробиологтар академиясының өкілі Вэнь Юмэй.

Қазір таңда  коронавирусқа байланысты әлемнің барлық елінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях