Құрбан айт мерекесі өтетін күндер белгіленді

Құрбан айт мерекесі өтетін күндер белгіленді

2019 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 11-і мен 13-ші күндер аралығында өтетін болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қасиетті құрбан айт тамыз айының 11-і күні басталады. Астрономиялық тұрғыдан Айдың тууы бейсенбі күніне, яғни 1 тамызға сәйкес келеді.

Құрбан айт мерекесі кезінде барша мұсылман қауым құрбан шалуы — уəжіп (міндет). Мереке кезінде құрбандық малы ретінде түйе, сиыр, қой және ешкіні айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін құрбандыққа шалу керек. Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігін өзіңізге қалдырып, екінші бөлігін ағайын-туыс, көршілерге, ал, үшінші бөлігін көмекке мұқтаж кісілерге таратуыңыз қажет.

Сонымен қатар, 2 тамыз зулхиджа айының бірінші күні болып саналады. Ал, қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін арапа күні 10 тамызға сәйкес келеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях