Бүгінде ауданымызда кәмелетке толмағандар және заң бұзушылықтарға барған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыс жасаудың алдын алу шаралары белсенді түрде жүргізілуде, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыс жасаудың алдын алу шараларын жандандыру – бүгінгі күннің басты міндеті болып табылады. Жастар көп жағдайда құқықбұзушылық қылықтарға өтпелі жас кезеңінде баратыны белгілі. Осы ретте біздің ауданымыздағы пробация қызметкерлері психолог мамандармен бірге жасөспірімдер арасында жылда әртүрлі тәрбиелік мәні бар іс-шаралар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен сауалнамалар жүргізіп отырады. Сонымен қатар, жастардың болашақта мұндай іс-әрекеттерден бойын аулақ ұстауы мақсатында олардың ата-аналарымен де профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Айта кетейік, аудандық пробация қызметінің мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 15 тамыздағы 511 бұйрығына сәйкес, ауданымыздың пробация қызметінің есібінде бір ғана кәмелетке толмаған жасөспірім тұр. Оған бүгінде пробация қызметкерлері бақылау жасап, келешекте мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы дұрыс қалыптасуын қамтамасыз ету үшін, психолог мамандармен бірлесе жұмыс атқаруда.