Партия белсенділері марапатталды

Партия белсенділері марапатталды

«Nur Otan» партиясының аудандық филиалының ғимаратында, жуырда өткен Президенттік сайлауға білек түре ат салысып, Nur Otan» партиясы атынан түскен кандидаттың жоғары нә­тиже көр­сетуіне үлес қосқан штаб мү­шелері марапатталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Елдік пен татулықтың туын көтерген, бүгінде ел мен жердің төрі атанған, киелі Сарыарқаның сайын даласына керегесін кең жайған елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласына 21 жыл толды. Осыған орай кеше «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының ғимаратында, Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат болған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау науқанын ұйымдастыруға және өткізуге елеулі үлес қосқан партияның белсенді мүшелеріне Мемлекет басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды. Жиынға ауданымыздың белсенді азаматтары, партия ардагерлері мен мүшелері, аудандық мәслихаттың депутаттары мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысты.

Алқалы жиынды алғы сөзбен ашқан аудандық әжелер алқасының төрайымы Ақылия Бекбайқызы мен Қаскелең қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Несіпбала Әбенқызы жиналған қауымды алдымен бүгінде жас мемлекетімізді және халқымызды әлемге әйгілеп, алпауыт елдермен тереземізді тең еткен елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының туған күнімен құттықтап, сайлау науқанына белсене атсалысқан штаб мүшелеріне алғыс айтты. Мұнан кейін сайлау аясында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқандары үшін 11 адамға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаеветың Алғыс хаты табысталды. Бұдан кейін білімділігі мен біліктілігінің арқасында көзге түскен  жастарды партия қатарына қабылдау рәсімі өтіп, оларға партия билеттері тапсырылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях