Қостанай облысындағы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

Қостанай облысындағы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

Қостанай облысындағы сегіз өзеннің су деңгейі тәулік бойы бақылауда, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Үздіксіз бақылау жұмыстары 19 гидробекетте жүргізілуде. Әсіресе, мамандардың айтуынша Торғай және Обаған өзендерінің салалары алаңдатушылық тудырып отыр. Себебі бұл өзендердің бойындағы аумақтарда қар қалың, кей жерде 80 сантиметрге дейін жетеді. Сәуір айының алғашқы он күндігінде жаппай қар ери бастайды деп күтіліп отыр. Сол кезде алқаптардан келетін су өзендерге құйылады. Бірақ, оның да тиімді тұстары да бар. Соңғы жылдары судың аздығынан өзен-көлдер таязданып кеткен, сондай-ақ, су қоймалары да жартылай бос. Биыл соның орынын толтырып алуға мүмкіндік туып отыр.

– Біздің мамандар су қоймаларына құйылатын су көлеміне болжам жасады. Жоғарғы Тобыл және Қаратомар қоймаларына жылдық нормаға сай су келуі мүмкін. Орташа есепппен 160-тан 240 текше метр шамасында болуға тиіс. Ал облыстың оңтүстік бөлігіндегі Торғай өзенімен жалғасатын Қараторғайда су денгейі нормадан жоғары болады, – деді, «Қазгидромет» РМК ҚФ директоры Лариса Кузьмина.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях