«Оскар» сыйлығының жеңімпаздары

«Оскар» сыйлығының жеңімпаздары

Бүгін жылдағы дәстүрге сай Лос-Анджелес қаласындағы Долби театрында «Оскар» сыйлығының иегерлерінің марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Оскар» жүлдесін тапсыру рәсімі осымен екінші жыл қатарынан жүргізушісіз (немесе сыйлық тарихында үшінші рет) өтіп жатыр. Рәсім 225 елде көрсетілді.

Сонымен, 2019 жылдың жеңімпаздары:

Режиссер Пон Чжун Хе түсірген «Паразиттер» триллер элементтері бар комедиялық-драмалық фильмі Оскардың 6 номинациясына ілінген еді. Нәтижесінде шығармашылық топ «Үздік фильм», «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік түпнұсқа сценарий», «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациялардында 4 мүсіншені иеленді.

Британдық режиссер Сэм Мендестің «1917» көркем фильмі 10 номинацияға ұсынылып, оның үшеуінде ғана жеңіске жетті. Бірінші дүниежүзілік соғысты бейнелейтін бұл туынды «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік дыбыс монтажы» және «Үздік визуалды әсер» сыйлықтарына лайық деп танылды.

Көпшіліктің талқылауына түскен «Джокер» психологиялық триллері екі мүсіншені қанағат тұтты. Бұл фильм 11 номинацияға ілігіп, бәсекелестері арасында көш бастаған еді. Әділ қазы шешімімен, басты рөлдегі Хоакин Феникс «Үздік актер» атанып, виолончелист Хульдир Гуднадоуттир «Фильмге үздік музыка» сыйлығымен марапатталды.

Аңызға айналған режиссер Квентин Тарантиноның «Бір күні… Голливудте» драмасы да 10 мүсіншеден үмітті еді. Бірақ, 70-жылдарды көрсеткен фильм «Үздік суретші жұмысы» аталымында топ жарды және онда каскадер рөлін сомдаған Бред Питт «Екінші пландағы үздік актер» атанды.

Көлік шығаратын қос алыптың текетіресін көрсеткен «Ford Ferrari-ге қарсы» биографиялық драмасы «Үздік монтаж», «Үздік дыбыс монтажы» жүлделерін иеленді.

Екінші дүниежүзідік соғыстағы нацистік Германияны бейнелеген «Джоджо қоян» жалғыз «Үздік бейімделген сценарий» аталымында топ жарды.

АҚШ-тағы азаматтық соғыс кезеңін көрсеткен «Кішкентай әйелдер» драмасы «Үздік костюм дизайны» мүсіншесімен марпатталды.

«Неке тарихы» трагикомедиясында адвокаттың рөлін сомдаған 53 жастағы Лора Дерн «Екінші пландағы үздік актриса» атанды.

«Зорлық-зомбылық» тақырыбын көтерген америкалық «Скандал» драмасы «Үздік грим мен шаш үлгісі» жүлдесімен марапатталды.

ХХ ғасырдың жарық жұлдызы болған, америкалық актриса Джуди Гарлендтің рөлін сомдаған Рене Зеллвегер «Үздік актриса» мүсіншесін жеңіп алды. Бұған дейін Р. Зеллвегер 2003 жылы «екінші пландағы үздік актриса» жүлдесімен марапатталған еді.

Өз кезегінде «Үздік анимациялық фильм» аталымында «Ойыншықтар тарихы-4» мультфильмі топ жарды.

«Фильмге жазылған үздік ән» номинациясында «Рокетмен» фильміндегі «Love Me Again» әні үздік деп танылды. «Рокетмен» — танымал әнші Элтон Джонның өмірі мен шығармашылығына арналған биографиялық туынды.

Одан бөлек, 10 номинацияға ілінген «Ирландец», 3 номинациядағы «Қос әкей», «Жұлдызды соғыс», «Гарриет», «Атақ пен ауру», «Бал елі» фильмдері бірде-бір жүлде алмады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях