Қордайдағы қақтығыс: шығын көлемі есептеліп жатыр

Қордайдағы қақтығыс: шығын көлемі есептеліп жатыр

Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиға кезінде 36 тұрғын үй, 11 коммерциялық нысан, 44 автокөлік өртеніп, 40-қа жуық үйдің терезелері қираған, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.

Кешелі бері ауылдардың ішін тазарту жұмыстарына 30 техника, 125 адам жұмылдырылды. Жергілікті тұрғындармен кездесу шаралары ұйымдастырылып, Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.

Қазір келген шығынның көлемі есептеліп жатыр. Масанчи, Ауқатты, Бұлар батыр сияқты бірнеше ауылда 150-ге жуық нысан зақымданған. Бұл өзі оңай шаруа емес көрінеді. Арнайы құрылған комиссия бірнеше топқа бөлініп, әрбір бүлінген, өртенген мүліктің қожайынын тауып, құжаттарын тексеріп, есептеліп, тізімге енгізіледі екен.

Бірқатар көшеде қоқыс, қалдықтардан тазарту жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, тұрғындармен кездесу, көмек көрсету шараларына басымдық беріліп отыр. Бұл жұмыстарға Қазақстан халқы Ассамблеясы, облыстық қоғамдық кеңес, ардагерлер, қоғам белсенділері де ат салысып жатыр. Кешелі бері оқиға болған ауылдарда екі мыңнан астам тұрғынмен кездесу өткізіліп пікір, ұсыныстары тыңдалды. Қайтыс болған азаматтардың отбасыларына көңіл айту, көмек көрсету шаралары да жүріп жатыр. Бұл бүгін де жалғасын табады. Штаб отырысын өткізу жоспарда.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях