«Қорғау» жобасы өз жұмысын бастады

«Қорғау» жобасы өз жұмысын бастады

Қазақстанда «Қорғау» жобасы басталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның мақсаты – қиын өмірлік жағдайда жүрген халықтың құқықтық білім деңгейін арттыру.

Аталған шараны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Алматы облысының барлық қалалары мен аудан орталықтарында 20 заң консультациясы бөлімдері қызмет атқаруда. Онда барлық азаматтар құқықтарын қорғау бойынша тегін құқықтық қолдау ала алады.

Сонымен қатар, жоба аясында  заң факультетінің студенттерінен әлеуметтік заңгерлердің қауымдастығы құрылып,  «Сөйле!» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Оған қоса, «Қорғау» жобасында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Құқық қорғаушы»  деп аталған бірыңғай  Call-орталық құрылады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях