Мектептің жетіспеушілігі, су, жолдардағы күрделі жөндеу жұмыстары мен жарықтың жоқтығы сияқты ұмтылдықтарды мазалаған бірқатар мәселелер биылғы жылы өз шешімін табатын болады. Осы және де тағы да басқа Ұмтыл округінде биыл болатын өзгерістер жайлы бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев аталмыш округ тұрғындарымен өткізген онлайн есептік кездесуінде айтып өтті. Өзекті мәселелер көтерілген жиынға аудан басшысынан бөлек оның орынбасарлары, бірқатар бөлім басшылары мен аудандық мәслихат депутаттары қатысты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Онлайн форматта өткен есептік кездесуде округ әкімі Ришат Құлыншақов пен аудан басшысы Ұмтыл округінің тұрғындарының алдында 2020 жылы атқарылған жұмыстар жайлы кеңінен баяндап, жоғарыда айтылған мәселелерді шешу мақсатында биыл қандай істер атқарылатындығын айтып өтті. Нақтырақ айтықанда, Жандарбек Ермекұлының айтуынша биыл көпті мазалаған су мәселесі жоспарға сай шешіліп, Алмалыбақ, Жалпақсай, Көлді және Мерей ауылдары «Қаскелең су топтамасы» жобасының аясында сумен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, Жалпақсай ауылындағы Т.Тегіс, М.Әуезов, Қ.Сәтбаев пен Алмалыбақтағы Бәсібеков көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Көпті мазалаған мектеп мәсілесі де өз шешімін тауып, биыл Алмалыбақ ауылындағы мектепке жапсаржай тұрғызылады. Бұған қоса, тұрғындарды, әсіресе, балаларды демалыс орындарымен қамтамасыз ету үшін ауылдық округке қарасты Алмалыбақ, Көлді, Мерей және Жалпақсай ауылдарында «Work Out» орталықтары ашылып, Алмалыбақтағы саябақ мемлекеттің балансына алынып, заманға сай талаптармен жаңартылатын болады.
Мұнан бөлек халықпен кездесу барысында ұмтылдықтар тарапынан қойылған басқа да көптеген сұрақтары жан-жақты талқыланды. Көтерілген мәселелер қатарында көшелерде жарықтандырудың жоқтығы да болды. Аудан басшысы осы мәселені шешу үшін аудандық бюджеттен ақша бөліп, оның дұрыс игерілуін бақылауында ұстауды өзінің орынбасары Айдын Әуесбайұлына тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан Жалпақсай ауылындағы Мәдениет үйінің біраз уақыт жұмыс жасамай тұрғандығы да сөз болды. Аталмыш ғимарат жекеменшік болғандықтан, аудан басшысы округ әкіміне оның иесімен келіссөз жүргізіп, нысанды мемлекет қорына қайтаруды тапсырды.
Жиында жоғарыда аталғандардан бөлек балаларды қорқытып көптеген көшелерде жүрген қаңғыбас иттер мен қоқыс мәселесі жайлы да сөз қозғалды. Ришат Сергейұлының айтуынша бұл мәселелер әкімдік тарапынан назарға алынып, бүгінде осы бағытта жұмыстар жасалып жатыр.
Есептік кездесудің қорытындысын шығарған Жандармек Далабаев бүгінгі кездесуде пошта торабынын ғимарытына жөндеу жұмыстарынын керектігі, бірқатар көшелерге жаяу жүргіншілер жолағының қажеттілігі сияқты тағы да басқа көтерілген сұрақтардың бәрі де бақылауға алынып, өз уақытында шешелетіндігін айтты.