Алматы облысындағы жергілікті қоғамдастық мүшелеріне арналған семинар

0
548

Ауылдың қарапайым тұрғындары ауылдық бюджетті бөлуге қатысып, әкімді өзгертіп, билік шешімін жоя алады. Бүгін Қаскелең қаласында  Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Нарынқұл, Кеген, Іле аудандарындағы үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті қоғамдастық мүшелері мен бастамашыл топтарға арналған  облыстық семинар өтті, деп хабарлайды  Naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Аталған жиынды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ұсынған  «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасының гранттық қаржыландыру аясында Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсының ұйытқы болуымен өткізілді. Алғашқы болып сөз алған қордың мүшесі, эксперт Шолпан Айтенова жергілікті қоғамдастық мүшелерінінің қандай өкілеттіліктері мен құқықтарына  ие екендігі жайлы жиынға қатысушыларға толықтай түсіндірді. Модератордың айтуынша,  біріншіден, ауылдық округтің әкімі жергілікті қоғамдастық мүшелеріне әкімдіктің бюджетіне түскен ақша қаражатының саны туралы деректерді мерзімді түрде ұсынуы тиіс. Сонымен қатар, әкім оларға бюджет жобасын ұсынуға міндетті. Осы бюджет аясында бөлінген қаржы көшелерді жарықтандыру, қоқыс контейнерлерін сатып алу және орнату, көгалдандыру, көшелерді қыста қардан тазалау және жаз мезгілінде жолдарды күтіп ұстау, тротуарлар салу және жолды жөндеу, спорт алаңдарын салу және басқа мәселерді шешуге жұмсалады. Жергілікті қоғамдастық мүшелері ұсынылған ауыл бюджетінің жобасымен келіспейтінін білдіре алады және оған өзгерістер енгізе алады. Жиын барысында семинарға қатысушылар өз өкілеттіліктерінің басым бөлігін пайдалана алмай жүргендіктерін білді. Осы негізде әр қайсысы толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Мәселен, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы жергілікті қоғамдастықтың мүшесі Гүлзира Станқұлова семинарға қатысу үшін арнайы келген. Бүгінгі жиыннан алған мәліметтерін өз әріптестерімен бөлісіп, іс жүзінде тиімді қолдануды мақсат етіп отыр.

Келесі кезекте сөз алған Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсының президенті Жібек Ахметова аталған қор жергілікті қоғамдастық мүшелерінің әлеуметтік жобаларын қолдауға   биылғы жылы жеті миллион теңге бөлініп жатқаны жайлы мәлімет берді. Семинар барысында әлеуметтік жобаларды әзірлеудің маңыздылығын айтып, оларды іске асырудың мүмкіндігі жайлы кеңестер берді.

Айта кету керек, мұндай жиын Алматы облысы бойынша Қаскелең мен Қонаев қалаларында өтті.  Осындай семинарлар  еліміздегі демо­кратия­лық өзгерістер қисынды жалғасын тауып, жергілікті өзін өзі басқару ұдайы жетілдіріле бермек

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь