Мерейлі мерекелі кеш болды

Мерейлі мерекелі кеш болды

Бүгін  тұғыры биік Тәуелсіздіктің 27 жыл толуына байланысты аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы қатысып, жиналған қалың көпшілікті егеменді еліміздің елеулі мейрамымен құттықтады. Алдымен кеш шымылдығы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың кезінен зайырлы мемлекет атанғанға дейінгі кезеңдерді айқындайтын сахналық көрініспен ашылды. Сонымен қатар, мерекелік шара барысында Жандарбек Ермекұлы  Тәуелсіздік күніне орай Жаңашамалған ауылдық округінің әкімі Ғалия Амановаға «Астанаға  20 жыл» мерекелік медалін, аудандық «Заман жаршысы» газетінің редакторы Атлана Исаеваға Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін, аудандық «Заман жаршысы» газетінің тілшісі Ерлан Әлиасқаровқа Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Құрмет грамотасын тапсырды. Мұнан бөлек, ауданның бірқатар белсенділерін де аудан басшысы атынан Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарымен марапатталды.  Шара соңы аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях